Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Аудан әкімі шаруашылықтарды аралады

Аудан әкімі шаруашылықтарды аралады

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев Шаған, Ақжарма ауылдарының шаруашылықтарын аралап, егін егу науқаны жұмыстарын көрді. Егін егуде еңбеккерлер мәселесін тыңдап, облыстық, аудандық су шаруашылығы мамандарымен пікірлесті.

Аудан басшысы қазір өңірде егінге су тапшылығы орын алып жатқандығын жеткізді.

– Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдарға қарағанда биыл су көлемі аз. Соған орай, облыста егістік көлемі де азайды. Қазір аудан шаруашылықтарында егін егу науқаны жүріп, егілген күріштіктер суға бастырылуда. Осы ретте, су тапшылығы сезілуде. Бұл өз кезегінде науқандық жұмыстарға кедергісін келтіруде. Сондықтан егін егу жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықтар егістікті кезектілікпен суару керек, — деді аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы.

Кездесу барысында су шаруашылығы мамандары да облыс жұртшылығы су тапшылығын сезініп отырғанын атап, егінге су беру мәселесі жан-жақты қарастырылып жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ, аудандағы шаруашылық төрағалары Марат Бисенов, Қайрат Нұрсейітов, Жеңісбек Сыздықовтар өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, егінге қажетті суды кезектілікпен алуға келісімге келді.

13 мамыр 2021 ж. 689 0