Облыста 640 мыңнан астам адам МӘМС жүйесіне тіркелген
Облыста 640 мыңнан астам адам МӘМС жүйесіне тіркелген. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен бері облыс тұрғындары қорға 17,3 млрд. теңге аударған. Оның 13,2 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 4,1 млрд. теңгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.
2021 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 59 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім - шарт жасалды, оның ішінде – 29 мемлекеттік медициналық ұйым, 30 - жеке меншік.
- Медициналық сақтандыруға ай сайын төлеу арқылы сіз міндетті медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде өзіңізге қажет қызметтердің барлық түрлерін дәрігердің жолдамасы арқылы ала аласыз. Егер медициналық қызметтердің нақты бағасымен салыстыратын болсақ, бүгінгі күні дәрігердің алғашқы қабылдауы 2-3 мың теңге тұрады, қымбат зертханалық қызметтер шамамен 5 мың теңге, МРТ орташа есеппен 18 мың теңге, КТ – 13 мың теңге, ал МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар үшін барлық медициналық қызметтері қолжетімді, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.