Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-да 140 ұпай алған оқушыға кәсіпкер планшет сыйлады

ҰБТ-да 140 ұпай алған оқушыға кәсіпкер планшет сыйлады

Ұлттық біріңғай тестілеудің екінші кезеңін сәтті тапсырып, 140 ұпай еншілеген №44 мектебінің 11 сынып бітіруші түлегі Айдана Жалғас "Алтын белгіге" үміткер. Озат оқушы осындай жетістігі үшін ауыл кәсіпкері, жомарт жүректі азамат Ғани Ботабаевтың сый-сияпатына ие болды. Кәсіпкер үздік оқушыға соңғы үлгідегі планшетті сыйға тартты.

– Мен де осы ауыл мектебінің түлегімін. Сондықтан оқушылардың әрбір жеткен жетістіктеріне үнемі қуанып отырамын. Қазіргі заманда балалар бәсекеге қабілетті, білімді болу керек. Айдана өзінің мықты талабымен өз білімін көрсетті. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат. Барлықтарыңызға алдағы білім сынағында жоғарғы балл алуларыңызға тілектеспін, – деді Ғани Теңізбайұлы.

Өз кезегінде мектеп директоры Сламбек Шахапұлы білім бәйгесінде оза шауып биіктен көрінген мектеп түлектерін марапаттады. Ауыл азаматына үлгілі үрдісі үшін зор алғысын білдірді.
21 сәуір 2021 ж. 697 0