Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

01 сәуір 2023 ж.

№ 25 газет

28 наурыз 2023 ж.

№ 24 газет

25 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Ашық есік күні өткізілді

Ашық есік күні өткізілді

«Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын жандандыру, бір ретке келтіру мақсатында бастауыш партия ұйымдарының концепциясын құрды. Партияның негізгі тірегі – халық, ұйытқысы – бастаушы ұйымдар. Бүгінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалына қарасты 24 бастауыш партия ұйымдары бар.
Кеше аудандық партия филиалына қарасты "Тоқтыбаев", "Тәжібаев" бастауыш партия ұйымдарында ашық есік күні ұйымдастырылып, бірнеше шара өткізілді.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі Е.Жақып кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы жайлы мәлімет берді. Өз кезегінде бастауыш партия ұйым төрайымдары аталмыш ұйымда атқарылып жатқан шаралармен таныстырды.
Кездесуден кейін қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, біршама азаматтардың мәселелеріне байланысты тұщымды жауап қайтарылды. Мұндай ашық күні алдағы уақытта барлық бастауыш партия ұйымында ұйымдастыру жоспарда бар.

«ТТ» -ақпарат

05 ақпан 2020 ж. 730 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам