Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Алдағы үш күнде ауа-райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа-райы қандай болады?

2021 жылғы 13-15 сәуірдегі Қазақстанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа температурасының жоғарылауы байқалады.

"Жақын күндері Қазақстан аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады. Нәтижесінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа-райы тұрақсыз сипат алады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады", - дейді синоптиктер.
12 сәуір 2021 ж. 373 0