Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жеке қабылдау өткізді

Жеке қабылдау өткізді

Кеше «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Талант Ерманов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жасады.

Қабылдау барысында Талант Ермановқа аудан тұрғындары мемлекеттік қызмет бойынша сұрақ қойып, Заң шеңберінде нақты жауап алды. Өз кезегінде аппарат басшысы мемлекеттік қызмет бойынша сан түрлі мәселелеріне тоқталды. Оның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау жөнінде негізгі талаптары атап өтті.

– Мемлекеттік салада еңбек ету – асқан жауапкершілікті талап етеді. Күн сайын сала мамандары түйткілді мәселелермен бетпе-бет келеді. Оларға артылған жауапкершілік жүгі зор. Әрбір қызметкердің имиджін көтеру маңызды. Мамандардың кәсіби тұрғыдан біліктілік пен білім деңгейін арттыру – негізгі мақсат, – деді Талант Талғатұлы.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
09 сәуір 2021 ж. 738 0