Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Салғырттық сан соқтырады

Салғырттық сан соқтырады

Екпе егу жұмыстарының ерікті түрде жүргізіліп жатқаны белгілі. Аудандық газеттен сырдариялық 200 адамның вакцина салдырғанын оқыдық. Бұл сан алдағы уақытта артады деп ойлаймын.

Қай істің де нәтижесіне жету үшін екі шартты толық орындау керек. Әуелі ниет пен бағыт дұрыс болса, екінші ұқыптылық пен тәртіптің болғаны дұрыс. Қазіргі таңда әлемнің барлық елі бір бағытта, яғни кеселді жеңу мақсатында жұмыла еңбек етуде. Ал екінші бағыт әркімнің ішкі мәдениетіне байланысты. Егер, қоғам тәртіпке толық бағынса, дерт қаупі тез сейіледі. Ал немқұрайлы қарасақ, нәтижеге жету қиын әрі салғырттық сан соқтырады. Сол себепті аудан тұрғындарын тәртіпке бағынуға шақырамын. Мамандар кеңесіне құлақ асып, талаптарды орындауға тиіспіз. Сондай-ақ екпенің әлемді әбігерге салған аурудың алдын алуға тікелей әсер ететінін ұғынуымыз керек.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ,
«Сырдария – Ақпарат 2050»
қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы
06 сәуір 2021 ж. 489 0