Қызылордада вирусқа қарсы вакцина салудың екінші кезеңі басталды

1 ақпан күні «COVID-19» инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы 1000 дозасы келіп, 1000 адамға екпе жасалған болатын. 1-17 ақпан аралығында екпе салдырған адамдардың 939-ы медицина қызметкері болса, 61-і ерікті түрде келген. Олар бұған дейін дәрігерлер бақылауында болды. Денсаулық жағдайларына шағымдарының болмауына байланысты бүгін араға 21 күн салып екінші дозасын салдыруды бастады, – деді ол.Жеткізілген «Спутник V» ресейлік вакцинасының екінші 1000 дозасы да қалалық №1-ші, №3-ші және №6-шы емханаларда жүргізілетін болады.
– Өзім ерікті түрде 1 ақпан күні алғашқылардың бірі болып вирусқа қарсы екпе ектірген болатынмын. Екпенің еш кері әсерін байқамадым. Сол себепті бүгін екпені екінші қайтара ектірдім, – деді басқарма басшысы.