Түркістан – түркі өркениетінің тұтқасы
Тамырлас, тағдырлас түркі халықтарының ынтымақтастығы тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдары басталғаны белгілі. Азаттықтың арайлы таңында бірін-бірі танып, қолдап, бауырластықтың берік негізін қалаған туыс елдер әуелі мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастыққа мән берді.
Астананың бой көтеруімен бірге түркі ынтымақтастығы жаңа кезеңге қадам басты. Алыс-беріс, барыс-келіс артып, экономика, соның ішінде құрылыс пен сауда-саттық саласында біріккен жобалар көбейді. Тарихи Нахичиван саммиті арқылы түркі ынтымақтастығы саяси-стратегиялық сипат ала бастады. Елбасы бастамасымен Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Түркі академиясы, Түркі мирас қоры құрылып, жүйелі жұмыстар жандана түсті. Ал Өзбекстанның толық мүше, Мажарстанның да бақылаушы болуымен бірге Түркі кеңістігі Байқалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аймақтағы бауырлас елдердің басын біріктіретін біртұтас әлемге айнала бастады. Ең бастысы, түркі әлемі деген ортақ ұғым қалыптасты.
Дүние дидарында көптеген халықаралық ынтымақтастық ұйымы бар. Олардың кейбірі тек туыстық негізге арқа сүйеген мәдени жақындық болса, қайсыбірі тату көршілікке негізделген экономикалық ықпалдастық, енді бірі прагматикалық түрде құрылған саяси ұйымдар. Түркі ынтымақтастығында осы үшеуі де бар – тамырлас елдердің тарихы мен танымы бір, олар бір-бірімен көршілес орналасқан және прагматикалық серіктестікті басшылыққа алады – ол ешкімге қарсы бағытталмаған. Мұнда, әрине, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы, ынтымақтастықтың архитекторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі айрықша екені белгілі.
Өткен аптада Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылған Түркі кеңесінің кезектен тыс бейресми саммиті де тарихи жиын болды. Түркі елдері тәуелсіздіктерінің отыз жылдықтары қарсаңында өтіп, түгел түркінің төрі Түркістан шаһары түркі әлемінің рухани астанасы болып ресми түрде қабылданған Саммитте:

- Экономикалық ынтымақтастықты арттыру, көлік-комуникация саласы мен туризмге мән беру, Азия мен Еуропаны жалғайтын «Тұран дәлізін» тиімді пайдалану, Инвестициялық қор құру, транс-шекаралық сулар мәселесін шешу; 2. Саяси ынтымақтастықты арттыру, Түркі кеңесінің мәртебесін биіктету, стратегиялық серіктестікке мән беріп, нақты құжат қабылдау, ынтымақтастық ұйымдарының құрылымдық құжаттарын аяқтау; 3. Гуманитарлық-мәдени байланыстарды арттыру, түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары Низамидің 880, Юнус Әміренің 700, Науаидің 580 жылдығы сынды мерейтойларды бірге атап өту, Түркістан мен Қ.А.Ясауи мұрасын дәріптеу, мәдениет саласында Науаи атындағы халықаралық сыйлықты бекіту; 4. Ғылыми интеграцияға мән беру, ұлы тұлғалар мен қастерлі мекендерді зерттеп, зерделеу, Түркістанда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, бауырлас елдердің жоғары оқу орындарын үйлестіретін «Ұлы түркілер» білім қорын құру сияқты бауырлас елдердің болашағы мен бекем байланыстарына бағдар болатын нақты ұсыныстар айтылды.
Жиын тізгінін қолға алған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің мақсатымыз – түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістіктің біріне айналдыру. Түркі өркениетін жаңғыртуды, ең алдымен, Ясауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз» деп, Түркі кеңесіне мүше елдер арасында жасанды интеллектіні дамыту, ауқымды деректерді талдау, цифрландыру, интернет саудасы, археологиялық қазба жұмыстары сияқты салаларда ортақ жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Білім беру саласындағы ынтымақтастық – болашақтағы табысты серіктестіктің негізгі факторы. Осы ретте Қазақстан Президенті ортақ ғылыми, мәдени-ағартушылық кеңістік қалыптастырған жөн деп есептейді. Президенттің пікірінше, оны «Ұлы түркілер» білім беру қорын құру арқылы жүзеге асыруға болады. Қор университеттер арасында академиялық ұтқырлық, тағылымдамадан өту, біліктілікті арттыру ісін үйлестіреді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бауырлас елдердің жастары үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде 50 грант бөлеміз деді. Бұл 50 грант Ясауи шәкіртақысы деп аталатын болады.
Қалаларға қасиет беретін де, ынтымақтастыққа көңіл бөлетін де – парасат-пайымы мол, кісілігі кемел адамдар. Тамырлас елдердің рухани тұтқасы саналатын Түркістанның қайта түлеуі түркі өркениетінің пассионарлық қайта жаңғыруына серпін береді деп сенеміз.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,