Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХТЫ ТІРІЛТУГЕ АРНАЛҒАН

ТАРИХТЫ ТІРІЛТУГЕ АРНАЛҒАН


Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дала өркениетінің өр рухын қайта тірілткендей әсер қалдырды. Президент мақаласы тарихымыздағы елеулі оқиғалар мен кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлердің өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысын айғақтайтынын айтып өткен.
«Ұлы даланың жеті қыры: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» деп нақтылап көрсетуінде мән бар.  Мәселен, Алтай қазақтарының және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында алар орны ерекше екеніне тоқталды. «Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналады. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болды, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды», – дейді Елбасы аталған мақаласында.
Елбасының айтуынша, ора­сан зор кеңістікті иегере біл­ген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қа­лыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сау­даның орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүл­денуіне жол ашқан. Ұлттық рухты оятып, елі­міздің жарқын бола­шағына деген сенімді нығайта түсетін мақаланы көп­шілік жылы қа­былдауда.

Уәлихан ИБРАЕВ,
облыс әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» МКМ директоры
24 қараша 2018 ж. 1 217 0