Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі дарынды жастарды қабылдады

Аудан әкімі дарынды жастарды қабылдады

Бүгін аудан әкімі Талғат Дүйсебаев «Елбасы» медалін иеленген сырдариялық дарынды жастарды қабылдады.

Қабылдауда аудан басшысы студенттер мен оқушылардың біліктілігінің, жан-жақтылығының арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізгенін атап, бірегей жобаның жастардың білімін арттыруға септігі мол екенін айтты. Сондай-ақ ауданның мерейін үстем етіп жүрген белсенді жастарға жүрекжарды лебізін жеткізді. «Жастарды қолдауға арналған ауқымды жобаға белсене қатысып, ауданымыздың даңқын шығарған сіздерге, білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан ұстаздарға алғысым шексіз» деді аудан әкімі.

Қабылдауда аудан басшысы дарынымен танылған студенттер мен оқушыларды «Елбасы» медалімен марапаттады. Атап айтқанда, 5 студент және 13 оқушы, жалпы 17 сырдариялық жас «Елбасы» медалінің иегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін биылғы жылы 11 оқушы «Елбасы» медалімен марапатталған болатын.

Жалпы, ұлттық деңгейдегі бұл бағдарлама әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени, спорт және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобадан өту барысында қатысушылар өз дағдылары мен дарындарын шыңдайды, ұлттық мәдени мұрамен танысады, денсаулығы мықты, болашағына сенімді тұлға ретінде қалыптасады.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
31 наурыз 2021 ж. 531 0