Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ашық есік күні өткізілді

Ашық есік күні өткізілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркен­деуінің негізі» атты Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында сот жүйесін цифрландыру, ашықтық пен қолжетімділік қағидатын ұстануға ай­рықша басымдық берілген. Осыған орай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша нақтыланған іс-шаралар жос­парына сәйкес сот жұмысының заманауи форматтарын және соттардың жа­ңа электронды сервистерін таныстыру мақсатында аудандық сотта арнайы пресс-тур өткізілді.
Іс-шараны Сырдария аудандық со­тының төрағасы міндетін атқарушы А.Абдулла мен аудандық соттың кеңсе қызметкерлері жүргізді. Пресс-турға аудандық прокуратура, полиция бөлімі, аудан әкімі аппаратының, аудандық мем­лекеттік кірістер басқармасының, ау­дандық аурухананың, білім бөлімінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қа­тысты.
Пресс-турда А.Абдулла соттар жұ­мысына жаңа ақпараттық техно­логия­ларды енгізу жұмысының тұжырым­дамасына кеңінен тоқталды. – Электронды сот тө­релігі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, оның жеделдігін, қолже­тімділігі мен ашықтығын арттыруға ба­ғыт­талған, – деді ол.
Бұдан әрі қатысушыларға сот ка­би­неті, «QR-код», «Digital Agent» бағ­дарламалары, аудио-бейне тіркеу жү­йе­сі, бейнеконференц байланыс жә­не мобильді «True Conf» байланыс мүм­кіндіктері таныстырылды.
Айта кету керек, бүгінде аудандық сотта сот отырыстары 100% аудио-бейне тіркеу жүйесі арқылы жүргізіледі. Қажеттілік болған жағдайда кез келген сот отырысының қатысушысы елі­міздегі өзіне жақын тұрған сотқа бару арқылы, сонымен қатар аудан бойынша ағымдағы жылдың басынан Бесарық, Аманкелді, Қоғалыкөл ауылдық округ әкімдіктерінен қосылған, бейнеконференц байланыс негізінде сот процесіне қашықтықтан қатыса алады.
2017 жылдан бастап соттарда мо­бильді байланыс іске қосылды. Тараптар сот процесіне интернетке қосылған мобильдік құрылғы арқылы еліміздің кез келген жерінен, тіпті шетелде жүрсе де қатыса алады. Сондай-ақ «QR-код» жүйесін фотокамера орнатылған және шифрленген ақпаратты тануға арналған бағдарламамен қамтамасыз етілген ұялы телефоны бар кез келген адам қолдана алады. «QR-код» арқылы Жоғарғы Сот пен облыстық сот сайтына кедер­гісіз кіріп, қажетті ақпараттармен таны­суға барлық мүмкіндік бар. Қа­зір­гі таңда азаматтар интернетке қосыл­ған мобильдік құрылғыға «Digital Agent» бағдарламаcын енгізіп, сот жүйе­сіне қатысты, қолайлылық, сервис, рә­сім­дер мен персоналға қатысты сот ор­ганының жұмысына қатысты баға беру мүмкіндігіне ие. Соттың жұмысына пі­кір білдіргісі келетін кез келген адам шағымын «Цифрлық агент» арқылы ха­барлап, өзінің мәселесін қысқа мерзімнің ішінде шеше алады.
Аудандық соттың ұйымдастыруымен өткен пресс-турда осы және басқа да мәліметтер айтылды. Шараға қаты­су­­шылар өз ойларымен бөлісіп, сұ­рақ­­­­тарына жауап алып, сот жүйе­сі­не енгізілген жаңа электронды сер­­вис­термен танысуға, көруге, ақпарат алуға мүмкіндік берген аудандық сот ұжы­мына өз ризашылықтарын білдірді.

А.ҚОШҚАРБАЕВ
16 қараша 2019 ж. 579 0