Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Редакция ұжымы ұлық мерекені атап өтті

Редакция ұжымы ұлық мерекені атап өтті

Апта ағымында аудандық "Тіршілік тынысы" газет редакциясының ұжымы "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз" мерекесін санитарлық талаптарды сақтай отырып, атап өтті. Ұлық мерекеде ауданның қырық мыңға жуық халқына ақпарат тарататын газет ұжымы дәстүр сабақтастығын жаңғыртты.

Қазақтың жаңа жылы – ұлыстың ұлы күнімен аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы құттықтады.

– Тарихы тереңде жатқан әз-Наурыз мерекесі – дана халқымызда ықылым заманнан еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс-пен ынтымақтың мерекесі ретінде тойланып келеді. Еліміз үшін Наурыз мерекесі – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейлі ұлы мереке саналады. Қытымыр қыстан аман-есен шыққан қазақ халқы ұлық күннің мән-мағынасын арттыра түскен. Редакция айтулы жылда айтулы жылда толайым табысқа жетті. Нәтижелі қызмет пен қажырлы еңбектің арқасында аудан айнасы зор жетістікке жете береді, – деді бас редактор.

Мерекелік басқосуда ұжым қызметкерлері "Көрісу"дәстүріне үн қосты. Сонымен бірге ауданға қарасты елді мекендердегі газет таратушыларына арнайы номинация тағайындалып, құрмет көрсетілді. Анығын айтқанда, Шаған ауылының таратушысы Аяжан Құлейіс "Еңбекқор" номинациясымен, Ақжарма ауылының таратаушысы Қанзира Сисембиева, "Әмбебап" номинациясымен, Шіркейлі ауылының таратушысы Фарида Бисал "Ақкөңіл" номинациясымен, Нағи Ілиясов ауылының таратушысы Күлжан Қалыбай "Ақылды" номинациясымен, Іңкәрдария ауылының таратушысы Тұрсынкүл Сырлыбаева "Мейірімді" номинациясымен, Сәкен Сейфуллин ауылының таратушысы Айнұр Исмайыл "Ерке" номинациясымен, Қалжан ахун ауылының таратушысы Баян Әбілдаева "Сабырлы" номинациясымен, Асқар Тоқмағамбетов ауылының таратушысы Манат Жармақан «Кішіпейіл» номинациясымен, Бесарық аулының таратушысы Әлия Жұртшыбаева «Салмақты» номинациясымен, Қоғалыкөл ауылының таратушысы Қалдыгүл Омарова «Ізетті» номинациясымен, Жетікөл ауылының таратушысы Гүлсім Жалмұрзаева «Салихалы» номинациясымен, Аманкелді ауылының таратушысы Шарманат Бекетова «Пысық» номинациясымен, Айдарлы ауылының таратушысы Әлия Смайлова «Парасатты» номинациясымен марапатталды. Сонымен бірге номиция иегерлеріне естелік сыйлық табысталды.

"Наурыз көжеден" дәм татқан сала мамандарына ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып жайлы сауалдар қойылды. Сұрақ-жауап ойынына қатысқан ұжым қызметкерлері арасында үздік шыққан Бибісара Жанәлі арнайы сыйлыққа ие болды. Өз кезегінде аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
21 наурыз 2021 ж. 437 0