Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бас редактор Наурыз мерекесімен құттықтады

Бас редактор Наурыз мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Сіздерді және жақындарыңызды Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Шуақты көктеммен бірге дүниені жайнатып, тіршілікті түрлендіріп келген Наурыз – барша берекенің бастауы, ырыстың алды, ынтымақтың ұйытқысы. Күн мен түн теңеліп, жұртшылық баққа кенелген бұл күнді халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп әспеттеген. Өткенге салауат айтып, бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріскен. Келер күнге үмітін жалғап, жоба-жоспарларын түзіскен.
Сізді осынау береке мен бірлік, теңдік пен кеңдік, даму мен өркендеу күнімен құттықтай отырып, отбасыңызға амандық, сарқылмас құт-қазына, мол ырыздық тілеймін. Қабырғалы қалың еліміз, айбынды жұртымыз аман болсын. Жаратқан әрдайым жар болып, төтеннен келер кесірден сақтасын. Кәсіптеріңіз берекелі болғай! Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметпен:
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің Бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
22 наурыз 2020 ж. 1 070 0