Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Редакция қызметкерлері сенбілікке қатысты

Редакция қызметкерлері сенбілікке қатысты

Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясының қызметкерлері Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында сенбілікке қатысты. Тазалық іс-шарасы кенттің ең үлкен көшесі – Аманкелді Иманов көшесінің бойында ұйымдастырылды.

Шығармашылық ұжым таңертеңгі сағат 09.00-ден бастап қолға күрек пен тырма алып, көше бойындағы арықты тазартты. Сондай-ақ ұшқан целлофандарды жинап, арнайы қоқыс жәшігіне салды. Арықтың сағасын ашып, балшық араласқан қар үйінділерін арнайы орынға тасыды.

– Тазалық айлығы басталғаны бәрімізге белгілі. Біз өзге мекемелерге үлгі болуымыз қажет. Алдағы уақытта тазалыққа немқұрайлы қараған жеке және заңды тұлғалар өкілдері туралы сыни мақалалар жазатын боламыз. Ол үшін бірінші өзіміздің мекемеміздің ауласы таза болуы керек, – деді аудандық газеттің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы.

Атап өту керек, аудандық газет санитарлық тазалықты сақтау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша арнайы айдар ашып, оқырмандар назарына мақалалар топтамасын ұсынуда. Осы айда жергілікті газетте «Тазалыққа кім жауапты?», «Ұшты, ұшты, целлофан ұшты...», «Тазалық айлығы басталды», «Тазалыққа тиянақтылық қажет» атты бірнеше мақала жарияланды.



20 наурыз 2021 ж. 396 0