Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Даңғайыр диқан

Даңғайыр диқан

Ыбырай Жақаев – өз бақытын еңбекпен тапқан, еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған кемеңгер диқан, Сыр маржаны – күріш дақылын өсіріп, ақ күріштің атасы, дала академигі атанды.

Саналы ғұмырында бір өзі бір дәуірдің жүгін көтеріп, қайталанбас рекордтар жасай жүріп, еліміздің аграрлық саласының дамуына зор үлес қосты.

Ел үшін туып, ұлтын ұлы істерге бастаған тұғырлы тұлғалар үнемі халық жадында.

Бүгін Шиелі кентінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шиелі кентінде Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойының ашылуы өтті.

Шарада белгілі айтыскер ақындар Кенжебай Жүсіп және Ержан Әміров арнау айтты. Сондай-ақ, шараға Ыбырай Жақаевтың ұрпағы Сейітбек Жақаевқа құрмет көрсетілді.
24 ақпан 2021 ж. 1 059 0