Диқан шай ішкен самаурын

Сондай жәдігерлердің бірі – самаурын. Ыбырай атамыздың өзі ұстап-тұтынған 40 литрлік самаурын – музейдің құнды жәдігерлерінің бірі.
Тарихқа үңілсек, Ресейге алғашқы самаурынды Петр патша Голландиядан алдырған екен. Кейіннен бұл жерде де самаурын жасау ісі жақсы дамып, фабрикалар салынады. Мамандар самаурын жасау ісі Ресейде XVIII ғасырда жақсы дамыған деп отыр. Мәселен, тек қана Тула қаласының өзінде 1850 жылдары осы бағытта 28 фабрика жұмыс істеген көрінеді. Ал қазақ даласына самаурын XІХ ғасырдан бастап қолданысқа енген.
Музейде Ыбырай Жақаевтың қос басында ұстаған самаурындарынан «Атам шай ішкен самаурын» атты көрме жасақталды.
Мұндағы 40 литрлік самаурын музейдің құнды жәдігерлерінің бірі екенін жоғарыда айтып өттік. Диқан атамыз күріш егу науқанында егіс басында осы самаурынды пайдаланған. Қос басында осы самаурынмен түскі, бесін уақыттарында шай ішкен. Қауаққа ағарған сусындарын құйып, арықтың ішіндегі суға салып, мұздатып сақтаған деп айтады ауыл қариялары.
Пікір 1