Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағанда алғашқы дән себілді

Шағанда алғашқы дән себілді

Несібесін жерден тапқан диқан қауымы үшін қазір қауырт шақ. Шағандық шаруалар қым-қуыт тірлікке жең түре кірісіп кеткен. Бүгінгі таңда 3100 гектар алқапқа күріш егу жоспарланып, оған дән себу науқаны басталып кетті.
Шараға арнайы келген облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов егіншілерге сәттілік тілеп, алғашқы дән себілді.
– Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды» деген қазақ халқы ырзық-несібесін жерден теріп, ата кәсіпті кеңінен дамытып келеді. Егістік басында еңбекке шыныққан бригадир, механизатор мен күрішші ала жаз бойы егіннің бітік шығуына бар күшін жұмсайды. Ыбырай Жақаевтың ізбасарлары биыл да егіннен мол өнім жинауға үмітті. Қамбамыз астыққа толып, ырысымыз таси берсін, – деді Расул Әбутәліпұлы.
Еңбек ардагерлері Сыр диқандарының жұмысына сәттілік тілеп, егіншілерге ақ батасын берді.
22 сәуір 2020 ж. 1 076 0