Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық 735 тұрғын вирусқа қарсы екпе салдырған

Қызылордалық 735 тұрғын вирусқа қарсы екпе салдырған

Қызылорда облысында 1-12 ақпан аралығында 735 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. Облыста 3697 адам қатерлі індеттің құрығына ілікті. Олардың арасынан 3574-і сырқатынан құлан-таза айықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Өткен тәулікте өңірде аталған ауру бойынша 18 науқас тіркелді. Науқастардың 15-і Қызылорда қаласының, қалғаны Қармақшы ауданының тұрғындары.

Аймаққа ақпан айының басында ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілген. Екпе егу алғашқы кезеңде медицина саласының, оның ішінде қабылдау, жұқпалы аурулар, жансақтау және хирургиялық бөлім қызметкерлеріне жүргізілуде. Ал келесі кезеңде мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады.

«Барлығы дәрігерлер бақылауында, денсаулығына шағымы жоқ. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.


14 ақпан 2021 ж. 453 0