Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сыр елінде жаңадан спорт мектептері салынады

Сыр елінде жаңадан спорт мектептері салынады

Қызылорда облысында жаңадан салынатын әлеуметтік нысандар көбейеді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сол жағалаудың келешегі туралы айтып өтіп, өңірде көгалды хоккей салынатынын айтты.

Онлайн форматта халықпен есепті кездесу өткізген өңір басшысы өткен жылы бюджет есебінен 8 жаңа спорт нысаны салынып, 60 секциялы 5 жоба жүзеге асқанын атап өтті.

Өңірде шағын елді мекендерде спорт нысандарының құрылысы іске асады. Тасбөгет кенті мен Ақай, III Интернационал ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу басталады.

Гүлшара Әбдіқалықова аймақта инвесторлар есебінен 500 орынға лайықталған бір мектеп, Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 300 орындық бір мектептің құрылысы жүріп жатқанын жеткізді.
17 ақпан 2021 ж. 604 0