Өрт сөндіру қызметі күрделі ме?
Мектеп жасындағы балаларға, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына үйде шырпы ұстамаудың, газ баллондарына жақындамаудың, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы ата-ана тарапынан ескертіледі. Бірақ отбасындағы талапқа қарағанда, мектепте айтылған ақыл-кеңес пен тәлім-тәрбие бөлек әсер етеді.
Тереңөзек кентіндегі №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Сайымова өзі жетекшілік ететін сыныптың оқушыларын аудандық төтенше жағдайлар бөліміне алып барып, балаларға сала мамандарының жұмысын таныстырды. Сондай-ақ оқушыларға өрттің тілсіз жау екені, одан үнемі сақтану қажеттігі түсіндірілді.
Балалар бұған дейін тек кинода көрген үлкен машиналарға мініп, өрт сөндіру құралдарын қолмен ұстап, мекеме жұмысымен жан-жақты танысты. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Р.Беркінбаев оқушыларға өрттің кері әсері туралы кең көлемді мағлұмат берді. Балалар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жауап алды. Мұнан бөлек өрт сөндіру саласының мамандарымен естелік суретке түсті.
– Соңғы уақытта кейбір өрт оқиғалары кішкентай балалардың қатысуымен орын алып жатқанын білеміз. Сондықтан оқушыларға өрттен сақтануды үнемі түсіндіріп, айтып отырамыз. Бұл олардың оқыс оқиғаларды болдырмау мен алдын алу үшін маңызды рөл атқарады. Сырттай айтып, түсіндіргеннен гөрі, көзбен көріп, қолмен ұстап, бетпе-бет пікірлессін деген мақсатта оқушыларды аудандық төтенше жағдайлар бөліміне әкелдім. Оқушылар ерекше әсер алды. Олар үйде де, қоғамдық орындарда да өрт қауіпсіздік талаптарын сақтайтындарын айтып, сала мамандарына уәде берді, – дейді бастауыш сынып мұғалімі Махаббат Сайымова.
Өз кезегінде төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Р.Беркінбаев оқушылар арасында өрт қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жөнінде бастама көтерген ұстазға алғысын айтып, шығармашылық жеміс тіледі.

Балтабай ОРДАБЕКОВ