Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС: Жарна төлегенде ғана мәртебеге ие боласыз

МӘМС: Жарна төлегенде ғана мәртебеге ие боласыз

Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша халықтың шамамен 20 пайызы әлі де болса сақтандыру мәртебесіне ие болмай, МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді ала алмай қалу қаупі төнуде. Аталған адамдардың басым көпшілігі - өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген жұмыссыздар. Бұл санаттағы азаматтар МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін, Қазақстан Республикасының 16.11.2015 жылғы №405 санды "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының (әрі қарай- Заң) 5-бабының 3-бөліміне сәйкес соңғы 12 айға жарналар төлеуге міндетті, - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

Мысалы, егер ағымдағы жылдың ақпан айында азамат МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымға жүгінсе, онда 2020 жылдың ақпан айынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейін МӘМС-ға жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеуге тиіс. (1 ЕТЖ 5% – 2125 тг ай сайын)
Осы санаттағы азаматтардың тағы басқа төленім, яғни бірыңғай жиынтық төлемді (әрі қарай- БЖТ) төлеп, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне ие болу мүмкіндігі бар.

Атап айтқанда, Заңның 5-бабының 3-1-бөлімінің талабына сәйкес,  бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер медициналық көмек алған күннің алдында кемінде үш ай қатарынан жарналар төлеген жағдайда, сақтандыру мәртебесіне ие бола алады. БЖТ-нің көлемі – қалалық өңірлердің тұрғындары үшін- 1 АЕК (2917 теңге), ал аудандық өңірлер үшін – 0,5 АЕК (1458,5 теңге) құрайды.

Мысалы, егер азамат 2020 жылдың 2020 жылдың ешқандай айларына төленім жүргізбесе, бірақ БЖТ-ді үш айға (2021 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз) төлесе, ол 2021 жылғы наурыз айының соңына дейін сақтандыру мәртебесіне ие болып, МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтерге қол жеткізе алады. Келесі айларда МӘМС жарналарын дербес төлеуші немесе БЖТ төлеуші ретінде ай сайын төлеу қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
09 ақпан 2021 ж. 564 0