Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге шақырылатындармен зерделеу жұмыстары жалғасуда

Әскерге шақырылатындармен зерделеу жұмыстары жалғасуда

Қызылорда гарнизонына қарасты Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасында және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінде көктемде әскер қатарына алынатын жастармен алдын-ала зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылдың алғашқы айында Қызылорда гарнизонында көктемгі әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары басталып кетті.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы хабардар етуді тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары шақырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолдарын қойғыза отырып жүргізеді.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет, көктемде және күзде өтеді.

Екі кезеңді қамтитын зерделеудің бірінші кезеңінде шақырылушылар және олардың ата-аналарымен, жасайтын немесе оқитын жұмыс орындарының өкілдерімен әңгімелесу жүргізіліп, жеке істері тексеріледі. Әңгімелесу барысында денсаулық жай-күйі, моральдық сапасы, жалпы білім беру мен арнайы дайындығы және отбасы жағдайы анықталуда. Әскерге шақырылушылардың жеке ісін зерделеу ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер органдарының және денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе сапалы жүзегеа сырылуда.

«Жүргізіліп жатқан іріктеу, зерделеу жұмыстары өз нәтижелерін беруде. Осы жұмыстар арқылы шақырылушылардың көптеген мәліметтері анықталуда. Бір қуантары әскери борышын өтеуге ниет білдіруш іжастар көбеюде», - дейді Қызылорда қаласының ҚІЖБ бастығының тәрбие және идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Бағдат Ахимбеков.

Ал, екінші кезең іс-тәжірибе жүзінде жалғасады. Көктемгі шақырылым бойынша зерделеу жұмыстарыағымдағы жылдың ақпан айының соңында аяқталады. Әскерге шақырылушылар қалалық және аудандық медициналық комиссиядан өткен соң, қай әскери бөлімдерге баратындығы анықталады. Бұл шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, арақашықтықтың сақталуы арқылы өткізіліп жатқанын айта кеткен жөн.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
сержант 
02 ақпан 2021 ж. 479 0