Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзгі шақырылым буындарымен зерделеу жұмыстары жалғасуда

Күзгі шақырылым буындарымен зерделеу жұмыстары жалғасуда

Қызылорда гарнизонындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында және де аудандық бөлімдерінде күзгі шақырылым буындарыменалдын-ала зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет өтеді.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы хабардар етуді тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары шақырту қағазымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолдарын қойғыза отырып жүргізеді.
Қызылорда гарнизонында күзгі әскерге шақырылушыларды зерделеу жұмыстары 2020 жылдың тамыз айында басталды.
Зерделеудің бірінші кезеңінде шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен, оқитын немесе жұмыс орындарының өкілдерімен жеке ісі тексеріліп, әңгімелесу жүргізілді. Әңгімелесу барысында моральдық жағдайы, денсаулық жай-күйі, дене дайындығы, жалпы білім беру және арнайы дайындығы, отбасы жағдайы анықталуда. Әскерге шақырылушылардың жеке ісін сапалы зерделеу ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер органдарының және денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе жүзеге асырылады.
«Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан зерделеу, іріктеу жұмыстары өз нәтижелерін беруде. Осы жұмыстар арқылы шақырылушылардың көптеген мәліметтері анықталды. Бір қуантары әскери борышын өтеуге ниет білдіруші жастардың саны артуда», - дейді Қызылорда облысы ҚІЖД тәрбие және идеологиялық, әскери патриоттық жұмыстары басқармасының бастығы – ҚІЖДбастығының орынбасары подполковник Алмат Жакипов.
Ал, екінші кезеңде әскерге шақырылушылар қалалық және аудандық медициналық комиссиядан өтеді. Содан кейін қай әскери бөлімдерге баратындығы анықталатын болады.



Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
сержант

21 қыркүйек 2020 ж. 462 0