Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың даңқты батыры

Қазақтың даңқты батыры

Тереңөзек кентінде орна­лас­­қан №210 О.Әбілпат­таев атын­дағы орта мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен даңқты батыр Бауыржан Момышұлының өнегелі өміріне арналған «Ұлт намысы болған ұлы тұлға» тақырыбында патриоттық іс-шара өткізілді. Оған аудан­дық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, мектеп дирек­торы­ның міндетін атқарушы Айгүл Жаңабергенова, ұстаздар мен оқу­шылар қа­тысты.

Іс-шара барысында Халық Қаһар­маны Бауыржан Момышұлының майдан даласындағы ерлігі, Жеңісті жақын­датуға атсалысқан айрықша үлесі жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Оның шығармаларындағы жас ұрпақты Отан­сүй­гіштікке, ерлікке, тәртіпке баулитын негізгі туындылары насихатталды. Патриоттық іс-шарада жиналған көп­шілік майдангер қаламгердің «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Менің отбасым» секілді кітаптары жайлы өзара ой бөлісті. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы ержүрек батырдың шығармашылығы, ерен еңбегі, өнегелі істері жөнінде айтып берді.

– Бүгін ұйымдастырылып отырған та­ғылымды іс-шараның маңызы зор. Кеш барысында жас ұрпақ ұстаздар дайындаған даңқты ердің өмір жолымен қатар, мол мұрасына қанықты. Ер­жүректігімен танылған Бауыржан Мо­мыш­ұлы – сан қырымен танылған біре­гей тұлға. Мәселен, тұлғаның құрме­тіне арналып, кентте бір көшенің атау берілген. Кескілескен майдан даласында сан мәрте ерлік көрсеткен Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының ұлтты сақтап қалуда жасаған еңбегі ерен. Әр жылдары батырдың шығармалары зерттеліп, зер­деленіп, әлемдік деңгейде насихаттала бермек. Осындай тағылымды іс-шараны ұйым­дас­тырған ұлағатты ұстаздарға ең­бекте абырой және шығармашылық же­тістіктер тілеймін. Ал, оқушылардың ата-ана үмі­тін, ұстаздар сенімін ақтай­ты­нына сене­мін, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Айта кету керек, мектеп директорының міндетін атқарушы Айгүл Жаңабергенова алдағы уақытта ұлы тұлғаларға арналған іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
26 қаңтар 2021 ж. 616 0