Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылордалық сайлаушылардың 73,90 пайызы саяси науқанға қатысты

Қызылордалық сайлаушылардың 73,90 пайызы саяси науқанға қатысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы аяқталды. Қызылордалық сайлаушылардың 73,90 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

Облыста 492198 сайлаушы тіркелген. Бұл жалпы халықтың 60,7 пайызы. Саяси науқанға 363754 мың сайлаушы қатысып, дауыс берді. Сайлау комиссиясының 2821 мүшесі қызмет көрсетті. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен болатын. Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет етті. Ал жылжымалы жәшік арқылы дауыс беруге 2061 адам өтініш білдірген.

11 қаңтар 2021 ж. 927 0