Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Педагогтардың жалақысы 25 пайызға өсті

Педагогтардың жалақысы 25 пайызға өсті

Биыл 1 қаңтардан бастап барлық ұстаздардың жалақысы 25 пайызға көбейді. Тек мектеп мұғалімдері ғана емес, балабақша педагогтері, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындары мамандарының да еңбекақылары өсті.

– Қазіргі кезде, есептеу бойынша мұғалімдердің орташа айлық жалақысы белгіленді. Толық оқу жүктемесі бар, педагог-шебер санатындағы ұстаз бұрын 279 мың теңге алса, қосымша үстемемен 373 мың теңге алады. Ал, педагог-сарапшы санатындағы мұғалім 234 мың алса, қазір 312 мың теңге мөлшерінде еңбекақы алады. Педагог-модератор санатындағы ұстаздың орташа жалақысы 204 мың теңге болса, қазір 272 мың теңгеге жетті. Ал, категориясы жоқ, жас ұстаздардың орташа жалақысы 213 мың теңге көлемінде белгіленді, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Қаңтардың 11-інде үшінші оқу тоқсаны басталады. 9,11 сынып оқушылары санитиралық-эпидемилогиялық сақтай отырып аралас форматта, яғни дәстүрлі түрде мектепке барып оқитын болады. 1-5 сыныптар үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Ал, бала саны 300-ден аспай мектептерде оқу дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Облыста 9-сыныпта 13252 оқушы, 11-сыныпта 7004 оқушы оқитын болады. Бұл сыныптарда балалар негізгі пәндерді, яғни қорытынды емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі міндетті компонентті пәндер бойынша білім алады. Пәндердің 70 пайызы - дәстүрлі форматта, 30 пайызы қашықтан оқытылатын болады. Сондай-ақ, колледждерде де өзгерістер бар. Жалпы 30 колледжде 19795 студент білім алады. Оның 5434-ң бірінші курс студенті. Ведомоствоаралық комиссия шешімімен 1 курс студенттері дәстүрлі түрде оқиды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі



09 қаңтар 2021 ж. 687 0