Әскери киімді кімдер кие алады?
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қарапайым азаматтардың әскери киімдерді киюіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл мәселе жөнінде түсініспеушілік орын алды. Кәдімгі, қарапайым азаматтарға жалпы камуфляж формасын киюге ешқандай тыйым жоқ. Бірақ әскери белгілермен, мысалға погондар, шеврондар, қай әскер түрлеріне жататын белгілермен жабдықталған әскери форманы тек қана әскери қызметшілер және басқа да әскери құрылымдардың қызметкерлері киюге құқылы», дейді Ермекбаев.

Айтуынша, полицейлер, ұлттық гвардияның қызметкерлері, шекара қызметінің қызметкерлеріне киюге болады. Ал егер ондай погондар, шеврондар, басқа да белгілері жоқ киім нысаны болса, оны кез келген азамат киіп жүре алады.