Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үміткер жастармен кездесті

Үміткер жастармен кездесті

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Ибрагимұлы және партияның сенімді өкілі Ғ.Оралов аудан жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастарға сайлауалды бағдарлама насихатталып, алдағы сайлауда жетекші партияны қолдауға шақырды. Сонымен бірге Net санатындағы жастармен жұмыс жасау барысы талқыланды. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру бойынша кандидат жастардың ұсынысын тыңдады.

– Алдағы уақытта 1200 жастарды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 550 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай жасауға тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беру қолға алынған. «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 7 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдесу көзделген, – деді аудандық мәслихатқа «Nur Otan» партиясы атынан үміткер А.Ибрагимұлы.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді





25 желтоқсан 2020 ж. 387 0