Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Шығармашылық байқаудың жүлдегерлері марапатталды

Шығармашылық байқаудың жүлдегерлері марапатталды

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде 2020 жылдың 20 – 27 қаңтар күндері аралығында "Абай сөзі – елдік мұраттың айнымас Темірқазығы" атты қазақ тілі мен әдебиетінің апталығы басталды.

20 қаңтар күні "Өлмейтұғын артына сөз қалдырған..." атты апталықтың ашылу лездемесі болып өтті. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған апталықта оқушылар көрініс қойды, Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды, ақынның өмірбаянымен танысты.

Апталықтың ашылуында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұ. Қалхоразованың жетекшілігімен өткен Елбасы Н.Назарбаевтың "Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік – бабалар аманаты" атты халықаралық шығармашылық байқауында марапатталған оқушыларға "Шығарма", "Эссе", "Өлең" секциялары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министлігі "Novel Education" халықаралық педагогикалық орталығының дипломы мен алғыс хаты тапсырылды.

Б.ШАНАЙ
21 қаңтар 2020 ж. 1 008 0