Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП, КӨТЕРМЕ ЖЕҢІЛДІК БЕРЕДІ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП, КӨТЕРМЕ ЖЕҢІЛДІК БЕРЕДІ


А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің ауылдық клуб үйінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген жұмысшы тобының кездесуі болып өтті..

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданынан келген өкілдер өз аудандары бойынша мәлімет берді. Солтүстікте көптеген бос жұмыс орындарына сұранысы жоғары екендігін, әсіресе ұстаздар, тәрбиешілер, сауыншылар, механизаторлар жетіспейтіндігін, үлкен өндіріс орындарына қажетті мамандарға деген сұраныстардың  жоғары екендігін, мемлекеттік бағдарлама арқылы қоныс аударушыларды күтетіндерін, жұмысқа орналасуына, үймен қамтамасыз етуге зор мүмкіндіктер бар екенін айтты. Сонымен қатар Тайынша ауданы жайлы ондағы кәсіпорындар жайлы видеороликтер көрсетілді. Ауыл тұрғындары өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Сұрақтардың көпшілігі айлық жалақы мөлшері мен тұрғын үй мәселесі жайлы болды.
Ш.НҰРСЕЙІТОВ
06 наурыз 2018 ж. 1 036 0