Ұлық мерекенің маңызы насихатталды

Мерекелік ашық сабақты орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Таюпова мен тәлім алушы Бағжан Жаппарова ұйымдастырды. Ашық сабаққа оқушылардан бөлек «Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы А.Ибрагимұлы, орта мектеп директорының міндетін атқарушы А.Жаңабергенова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Друмова қатысты.
Мемлекеттік Гимн орындаумен басталған ашық сабақ барысында ұстаздар оқушыларға Тәуелсіздік күні мерекесінің тарихы жөнінде мағлұматтар берді. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер слайд арқылы көрсетілді. Сондай-ақ Айару Асылбек, Санат Айбек, Аяна Өмірбек, Кәусар Ерханқызы, Жанниет Сүлейменова, Әлимансұр Берікболұлы, Іңкәр Сәбитқызы, Інжу Ерболатқызы, Алфия Балтабаева есімді оқушылар халқымыздың көрнекті ақындарының патриоттық өлеңдерін жатқа оқыды. Музыка пәнінің мұғалімі Үміт Ерназардың сүйемелдеуімен Нұртөре Айтбай «Көк тудың желбірегені» әнін орындаса, Аружан Алмабекқызы, Зайтуна Нұрлан, Диас Қазбеков жергілікті ақындардың өлеңдерінен үзінді оқыды.
Жұлдызай АНШАЕВА