Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселе талқыға түсті

Маңызды мәселе талқыға түсті

Бұрнағы күні аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Шараға қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров, мүшелері, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Омаров және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының директоры Е.Дәуітбекұлы қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралып, ой-пікірлер айтылды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімі басшысы Қ.Омаров білім мекемесіндегі бас лауазымға қызметкер алу бойынша ұсынысын жеткізді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынған бес үміткердің арасынан таңдалды.

Екінші мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев митингтерге арнайы орын бекіту бойынша баяндама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері аумақтың көлемі бойынша қатысушылардың санын әлі де жетілдіруге ұсыныс білдірді. Кейбір олқылықтарға ескерту беріліп, қайта ұсыну жөнінде шешім қабылдады.
 


"ТТ" ақпарат
25 маусым 2020 ж. 596 0