Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус жастар үшін қаншалықты қауіпті?

Коронавирус жастар үшін қаншалықты қауіпті?

Созылмалы шаршаңдық пен бұлшықет әлсіздігінен басқа, коронавирустан сауыққан жастар үшін басты қауіп – психологиялық проблемалар.

Итальяндық дәрігерлердің пікірінше, жастар арасында психологиялық проблемалар КВИ-ді өмірдегі денсаулыққа алғашқы ауыр соққы ретінде қабылдануына байланысты туындауы мүмкін.

«Егер қарт адам созылмалы аурулармен өмір сүре берсе, жастар өздерінің нәзіктігін түсінеді. Олар ауруды өмірге қауіп төндіреді деп ойламайды», - дейді мамандар.

20 мен 40 жас арасындағы жастарда індетті жұқтырғаннан кейін эмоционалды әсер пайда болады, ағзаның әрбір белгілері көпмәртелі көлемде сезіледі.

Физикалық бұзылулардан басқа, мазасыздық, көңіл-күйдің өзгеруі және ұйқысыздықты қамтитын психологиялық синдромдарды сауығып шыққан адамдардың шамамен үштен бірі сезінеді екен. Британдық және канадалық ғалымдар тобы COVID-19 ауыр неврологиялық асқынуларға, оның ішінде мидың қабынуына әкелуі мүмкін екендігін анықтаған. Коронавирустың адам денсаулығына ауыр зардаптарын тигізетіндігін, тіпті өлімге әкелетіндігін қазақстандық ғалымдар да атап өтуде.


09 желтоқсан 2020 ж. 325 0