Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 88 газет

12 қараша 2019 ж.

№ 87 газет

09 қараша 2019 ж.

№86 газет

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АҒЗАҒА МАГНИЙ ЖЕТІСПЕУШІЛІК БЕЛГІСІН БЕЛЕСІЗ БЕ?

АҒЗАҒА МАГНИЙ ЖЕТІСПЕУШІЛІК БЕЛГІСІН БЕЛЕСІЗ БЕ?

Магний ағзадағы 300-ден астам биохимиялық реакцияларға қажет. Магний бұлшықет және және жүйке жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі, иммунетті арттырады, жүректің тұрақты жұмыс істеуіне және сүйектердің, тістердің, тырнақ пен шаштардың беріктігін сақтауға ықпал етеді. Сонымен қатар ол қандағы глюкоза мөлшерін, энергия мен ақуыздың шығарылуын реттейді.
Дегенмен осыған қарамастан, магний адамдардың көп мән бере бермейтін құнарлы заттар қатарына жатады. Бірақ магний адам ағзасындағы бірқатар функцияларға жауап бергендіктен, оның жеткізіліксіз болуы денсаулықта бірқатар қиындықтардың туындауына теріс ықпал етуі мүмкін.
Төменде біз магнийдің жетіспеушілігінің нәтижесінде пайда болуы мүмкін физикалық және психикалық симптомдарды қарастырамыз.
1. Мазасыздық немесе гипербелсенділік
Мазасыздық пен гипербелсенділік — магний жетіспеуінің ең басты екі неврологиялық симптомдары. Бұл минерал мидағы жүйке жүйелерінің арасындағы қажетті байланысты орнату үшін керек. Сонымен қатар, магний ағзадағы жүйке жүйесінің дұрыс жұмысына жауап беретін маңызды фактор болып табылатын элетролиттер деңгейінің тепе-теңдігін ұстап тұру үшін қажет.
2. Күйзеліс (депрессия)
Бірінші симптомды ескерсек, магнийдің жетіспеушілігі күйзеліске де әкеп соқтыратынын болжау қиын емес. Күйзеліс – әртүрлі себептердің салдарынан туындауы мүмкін күрделі ауру. Сол себептердің бірі ағзадағы құнарлы заттардың жетіспеуі мен дұрыс тамақтанбау болуы әбден мүмкін.
3. Бұлшықеттің ауыруы
Неврологиялық симптомдармен қатар, жүйке-бұлшықет симптомдары да пайда болуы мүмкін. Магнийдің жетіспеушілігі бұлшықеттің ауыруына, тырысуына, сонымен қатар фибромиалгия сияқты басқа да проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Магнийдің негізгі функцияларының бірі бұлшықетті босаңсыту болып табылады. Бұлшықеттің жиырылуына ықпалдасатын кальциймен бірігіп, бұлшықеттің дұрыс қызмет етуіндегі басты элементтің бірі болып саналады.
4. Жүректің айнуы және құсу
Магнийдің жетіспеушілігі ас қорыту жолдары мен асқазан-ішектің жұмысын нашарлатады. Сол себепті ішектің дұрыс жұмыс істемеуінен бастап жүректің қатты айнуы мен құсуына дейінгі құбылыстар орын алуы мүмкін.
5. Қан қысымының жоғарылауы
Көптеген зерттеулер жоғары қан қысымын магний мөлшерінің төмендігімен байланыстырады. Гипертониктерде құнарлы заттардың жетіспеушілігі жиі кездеседі. Әрине, қан қысымына басқа да көптеген физиологиялық функциялар әсер етуі мүмкін, сол себепті нақты диагнозды анықтау үшін, дәрігерге барған жөн.
6. Ұйқысыздық
Магний жетіспеген кезде созылмалы ұйқысыздыққа шалдығуға болады. Бұл ғана емес, ұйқының бұзылуының басқа да түрлері кездесуі әбден мүмкін. Магний негізінен біздің ұйықтау мен ояу жүру айналымдарын реттейді.
7. Күш-қуаттың жетіспеуі
Магнийдің жетіспеушілігі денені мәжбүрлеп қозғалысқа келтіреді. Осы жағдай физикалық және психологиялық күйзеліске әкеп соқтыруы мүмкін. АҚШ-тың Ауыл шаруашылық департаментінде жүргізілген бір зерттеуде магний мөлшері төмен қатысушылар магний мөлшері қалыпты деңгейдегілерге қарағанда оттегіні көбірек пайдаланған. Оттегіні қолдану деңгейі адам денсаулығының тиімді көрсеткіші болып табылады. Сондай-ақ магнийдің мөлшері адамның төзімділігіне де өз әсерін тигізбек. Себебі магний мөлшері жүрек пен бұлшықеттің жай-күйіне тікелей ықпал етеді.
Бүгінде магнийдің тәуліктік мөлшерін алуға болатын көптеген тәсілдер бар. Солардың ішінде ең тиімдісі, әрине, дұрыс тамақтану болып табылады. Жеміс-жидектер, бұршаққындылар, жаңғақтар, дәнді-дақылдар, банандар, кептірілген жемістер, авокадо, йогурт, қара шоколад, т.с.с. магний мөлшері көп азық-түлікті пайдалана отырып, ағзамыз үшін аса маңызды осы бір минерал түрінің орнын толтыра алатынымыз сөзсіз.

Ғаламтор көздерінен
08 тамыз 2019 ж. 236 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам