Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмау –жұқпалы ауру

Тұмау –жұқпалы ауру

Тұмау – бұл жұқпалы ауру, ол адамға ең алдымен жөтелу, түшкіру және тығыз байланыста болған кезінде беріледі. Тұмаудың клиникалық белгілері өткір дамиды және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Ең жиі безгек, жөтел, дененің әр түрлі жерлерінде ауырсыну, бас ауруы сияқты белгілері байқалады.

Тұмау инфекциясы әдетте жеңіл ағыммен сипатталады және асқынуларға әкеп соқпайды, алайда, кейде ауру ауыр түрде өтеді, көбінесе қарт кісілерде, денсаулығы нашар адамдарда ауру ауыр ағымда дамиды. Әсіресе созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарда (мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, өкпе ауруларынан және қант диабетінен).

Маусымдық тұмауға қарсы екпе – бұл тұмау вирустарынан туындайтын, соның ішінде ауыр нәтижемен инфекция жағдайларының алдын алудың қауіпсіз және тиімді шарасы.

Ересек тұрғындар тіркелген жері бойынша БМСК ұйымдары жанындағы егу кабинеттеріне жүгіне алады. Тұмаудан кейін Иммунитет 6-12 айға созылады.

Ал айналымдағы вирустардың өзгермелі штаммдық құрамын ескере отырып, өткен маусымның екпелерімен жасалған иммунитет тиімсіз болуы мүмкін.

Тұмауға қарсы вакциналармен егілген адамдар арасында тұмаумен ауыру егілмеген адамдарға қарағанда 12 есе төмен. Тұмауға қарсы Екпе тұмаумен аурудан 100% қорғауды бермейді, бірақ оның ауыр және асқынған ағымы мен өлімін болдырмайды.

Жыл сайын екпе жасаудың – денсаулық үшін ешқандай қауіп жоқ. Жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде, оның ішінде балаларда да «адам денсаулығы жағдайының дәлелденген» нашарлауы орын алған жоқ.

Сырдария жастар денсаулығы орталығы
04 қазан 2019 ж. 1 731 0