Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі мен полиция бастығы ауылдарды аралады

Аудан әкімі мен полиция бастығы ауылдарды аралады

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев пен  аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев Ақжарма, Шаған, Нағи Ілиясов, Шіркейлі елді мекендерінде болып, мал ұрлығын алдын алуға байланысты жиын өткізді.

Жиында аудан әкімі Талғат Дүйсебаев қазіргі таңда мал ұрлығы жөнінде өзекті мәселерге тоқталды.Сонымен бірге,  елді мекендегі шаруашылық басшылары  және ауыл ақсақалдарымен туындаған мәселелер бойынша пікірлесті. Ауылдардағы қазіргі мал ұрлығының алдын-алудың тиімді жолдарын назарға алды.  Аудан басшысы шаруашылық төрағаларына  арнайы рейд барысында қызметкерлерді көлікпен қамтамасыз етуге ұсыныс жасады.

Өз кезегінде ауыл ақсақалдары мен  шаруашылық басшылары учаскелік полиция қызметкерлері мен ветеринария саласының мамандарының жұмысының күрделі екендігін тілге тиек етті. Ал, полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев ауыл аумағында орын алатын мал ұрлығының негізгіфактілеріне зерделеу жұмыстары арқылы мысал келтірді.

Жиын қорытындысында ауылдағы мал ұрлығын азайту және алдын-алуға байланысты тиісті сала мамандары тапсырма жүктелді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
25 қараша 2020 ж. 542 0