Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада онкологиялық орталық салынады

Қызылордада онкологиялық орталық салынады

Қызылордада жаңа онкологиялық орталық салу үшін жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында сараптамалық құжаты дайын болса, құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Бүгінде өңірдегі онкологиялық орталықта барлық хирургиялық қызмет жасалады. Яғни, 40-70 жас аралығындағы әйелдерге мамографиялық көмек тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, елімізде мойын, сүт безі обыры және колоректальды қатерлі ісігімен ауыратын адамдар скринингтен тегін өтеді.

«Қызылорда облысы онкологиялық аурудың көрсеткіші бойынша 15-ші орында тұр. Жыл сайын мыңға жуық науқас тіркеледі. Өңеш қатерлігі ісігі, өкпе, сүт безі аурулары көп кездеседі. Сапарымның мақсаты – өңірдегі жағдайды біліп, мониторинг жүргізу. Яғни, науқастарға қалай көмек көрсетіліп жатқанын, дәрі-дәрмектің жеткіліктілігін қадағалау. Науқастардың жағдайын бақылау барысында барлық құрал-жабдықтардың жеткілікті екенін көрдім. Желтоқсан айында сараптама дайын болса, өңірде заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы басталады», – деді Қазақ онкология жане радиология гылыми-зерттеу институтынын директоры Диляра Қайдарова.
05 қараша 2020 ж. 438 0