Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 45 газет

21 маусым 2025 ж.

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қоғамның қозғаушы күші

Қоғамның қозғаушы күші

Жыл басынан бері қоғамдық шаралардың көпші­лігі ерікті жастардың қатысуымен өту­де. Жақын­да аудандық жастар ресурстық ор­та­лығының ұйымдас­тыруымен ерікті жастар мен төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бір­лесіп шара өткізді.

Жылу беру маусымына дайындық кезеңінде №12 өрт сөндіру бөлімімен  еріктілер бірлесіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін назарда ұстау аса маңызды. Осы ретте, қауіпсіздік ережелерін білмеу де – өмірге қауіпті екені айтылды. Бұл тұста, ерікті жастар тұрғын үй секторларында тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Аудан тұрғындарына өрттің алдын алу мақсатында жадынамаларды таратып, үйлерінде ақауы бар жылыту құралдарын, электр қондырғыларын пайдалануға болмайтындығын ескертті. Қара­пайым ережелерді ұстанып, немқұрайлылық танытпауға шақырды.

Майя Қожабай
17 қазан 2020 ж. 571 0