Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Елімізде 5 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізіледі?

Елімізде 5 қазаннан бастап қандай шектеулер енгізіледі?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 5 қазаннан бастап енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды qamshy.kz

– Инфекцияның алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады:

Басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұру;

Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу;

Түркияға рейстер санын азайту.

Екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға мынадай талаптар қойылады:

термометрмен өлшеу;

анкета толтыру;

коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек).

Анықтама қағазы болмаған жағдайда азамат карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі шыққан соң, жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады, – деді министр Цой.

Айта кетейік, ІІ санаттағы елдер қатарына: Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.
02 қазан 2020 ж. 288 0