Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 23 газет

27 наурыз 2020 ж.

№ 22 газет

21 наурыз 2020 ж.

№ 21 газет

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда 8 адам вирус жұқтырды

Қазақстанда 8 адам вирус жұқтырды

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі таңда Қазақстанда 8 науқас бар. Бәрі оқшаулауда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.
Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас - 1959 жылы туған әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшаулауда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.
Министр екінші адам ер кісі екенін, кеше «Сеул-Алматы» ұшағымен келгенін атап өтті.
«Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Ішінде бір пациентті анықтадық», - деді ол.
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі 14 наурызда елордада өткен баспасөз мәслихатында Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді.
Көп өтпей Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды. Кейін Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды. Осылайша бұл дертке шалдыққандар саны 4 адамға жеткен еді.
Кеше тағы екі қазақстандықтан коронавирус табылып, жалпы 6 адамның бұл дертті жұқтырғаны айтылған еді.
Бүгінгі жағдаймен науқастардың саны 8-ге жетті.
15 наурыз 2020 ж. 138 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам