Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыстар заң шеңберінде жүргізіледі

Жұмыстар заң шеңберінде жүргізіледі

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. оған аудан әкімінің орынбасары Т.нұртазаев, бөлім басшылары және бақ өкілдері қатысты.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге бағ­дарланған мекемелер, сондай-ақ халық көп жүретін жерлерде ілесе дыбыстайтын және жарық беретін арнаулы бағдаршамдар мен жол белгілерінің орналасуы бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Н.Бәйменов баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен қаржы қаралып келе жатқандығын жеткізді. Биыл біршама өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, 2020 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 3,9 млн теңге бөлініп, ауданға қарасты елді мекендердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамыз ету, оның ішінде жол белгілерін орнату, жаңарту және күтіп ұстау бағытында жұмыстар атқарылған. Дегенмен әлі де кейбір мемлекеттік мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар талапқа сай емес. Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрағасы Т.Нұртазаев тиісті сала басшыларына нақты тапсырма беріп, заңдылыққа сәйкес жұмыс жасауды жүктеді.
Осы күні «Жол карталары» аясында кадрларды даярлау, қайта даярлау және еңбек ресурстары ағымын басқару жүйесі қалыптастыру бойынша екінші комиссия отырысы ұйымдастырылды. Мұнда аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаев хабарлама жасады.
– 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ағынын басқару «Жол карталарын» қабылдау және оның орындалуы бойынша ауданда тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылды. Атап айтқанда, 2018 жылы облыс әкімдігі мен «Мағжан және К» серіктестігі арасында екі жақты келісім жасалып, бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүруде. Алдағы уақытта да бұған дейінгі комиссия отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау мақтсатында нақты жұмыстар жүргізілетін болады, – деді бөлім басшысы М.Қаратаев.
Мұнан кейін комиссия отырысының күн тәртібінде пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және олардың өз бизнесін бастауына бағыт-бағдар беру бойынша да баяндамалар тыңдалды. Өз кезегінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Майя ҚОЖАБАЙ


29 қыркүйек 2020 ж. 542 0