Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » COVID-19: вакцина алған тұңғыш қазақ

COVID-19: вакцина алған тұңғыш қазақ

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакциналогия орталығында коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші рет адамға салып көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вакцинаны алғаш қабылдаған сол орталықтың директоры Қайсар Табынов екен. КОВАКС-19 аталған препарат Австралияда жасалыпты.

Жандос Айтбайұлы, тілші:

– Қазір кез келген жылт еткен жағымды жаңалыққа қуанатын болдық емес пе?! Вакцина орталығындағы жағдайды ести сала, бірден асай-мүсейімізді алып осында келдік. Әлемде вакцинаның 150 түрі бар, оның 10-нан астамы ғылыми зерттеу деңгейіне жеткен. Ал біздің өзімізде де, яғни коронавирусқа қарсы вакцина Жамбыл облысы Отардағы ғылыми-зерттеу институтында дайындалып жатқан көрінеді.
01 тамыз 2020 ж. 680 0