Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет майталманы зейнет демалысына шықты

Мәдениет майталманы зейнет демалысына шықты

Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйінің директоры Күләш Жұмағалиқызы құрметті еңбек демалысына шықты. Бұл туралы  фейсбук әлеуметтік желісіндегі Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ресми парақшасында жарияланды.

– Құрметті, Күләш Жұмағалиқызы Сіз көп жылдар бойы мәдениет саласының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келдіңіз, көптеген шәкірттер тәрбиелеп, мәдениет саласында өзіңіздің айшықты ізіңізді қалдыра білдіңіз. Еліміздің жарқын болашағы үшін сіңірген еңбегіңіз үшін алғысымыз шексіз.

Құдабаева Күләш Жұмағалиқызы, 1959 жылы 04 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Пятимар совхозы, Борық ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Красногор совхозындағы орта мектепке барып, 1977 жылы онжылдық мектепті бітірді.

1977 жылы Орал қаласындағы ПТУ-ға түсіп киномеханик мамандығын алып шықты.

1978 – 1981 жылдар аралығында Орал қаласындағы «Мир» кинотеатрында киномеханик болып жұмыс істеді.

1981 – 1986 жылдар аралығында Орал қаласындағы «Қазақстан» кинотеатрында киноинженер қызметін атқардым және 1981 жылы Алматы қаласындағы кинотехникумға сырттай оқуға түсіп, 1984 жылы кинотехник мамандығын алып шықты.

1986 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Қазақ ССР – ның 50жылдығы атындағы совхозда ауыл клубында киномеханик қызметін атқарды.

2002 жылдың 4 қаңтарынан бастап Н.Ілиясов ауылындағы мәдениет үйіне меңгеруші қызметіне ауысып, бүгінгі күнге дейін Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында кәсіпорын директоры қызметін аброймен атқарып келді.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отырған аяулы ана, – делінген жазбада. 
06 қыркүйек 2020 ж. 488 0