Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Облыстық АТТ мүшелері Сырдария ауданында болды

Облыстық АТТ мүшелері Сырдария ауданында болды

Облыстық дін саласындағы Ақпараттық түсіндірме топ мүшелері Сырдария ауданына барып, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері және мешіт имамдарымен кездесті. Жиында карантин кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық түсіндіру шараларын жетілдірудің маңызы сөз болды.

Облыстық дін саласындағы АТТ мүшелері пандемия уақытында мемлекеттік дін саясатын естен шығармай, жұмысты жүйелі түрде жүргізе беру керектігін жеткізді. Мұнан соң Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары аудан орталығындағы автовокзал, такси тұрақтары мен сауда орындарында акция өткізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Акция аясында тұрғындарға бүктемелер таратылып, деструктивті діни ағымдар жайлы ақпарат берді.
04 қыркүйек 2020 ж. 666 0