Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков онлайн форматта есеп берді.

М.Қалдарбеков аудандағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Бүгінгі таңда, Қармақшы ауданында жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарда 146 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Олардың 63-і әйел, 14-і жастар санатындағылар.Жыл басынан бері 21қызметші біліктілігін арттырып, 6 қызметші қайта даярлаудан өткен.

Ағымдағы жылы орындаушылық тәртіп бойынша кемшіліктерге жол берген 12 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара көрілген.

Мемлекеттік органдарқызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі кабинеті, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығы ғимараттары «Open space» форматына көшірілген.

Аудандағы меритократия қағидатының жүзеге асырылуы көңіл көншітпейді.Жыл басынан жергілікті атқарушы органдардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілген 17 конкурстың 10-на үміткерлер қабылданған. Оның ішінде, ішкі конкурстардың нәтижесімен жұмысқа қабылданған 7 қызметшінің тек 1-уі ғана жоғары лауазымға тағайындалған.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментімен 2019 жыл мен 2020 жылдың І-жартыжылдығына талдау жүргізіп,Қармақшы ауданында бос лауазымдарға тағайындаулар барысында бірқатар командалық ауысулардың орын алғаны белгілі болған.

Аудан әкімінің есебін тыңдаған Кеңес мүшелері, М.Қалдарбековке Қармақшы ауданында меритократия қағидаттары негізінде өсу мүмкіндіктеріне бағытталған шараларды қабылдап, командалық ауысу әрекеттерін болдырмау бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды ұсынды.

Сондай-ақ, аудан әкіміне мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс істеу, қызметтік автокөлікті қызметтен тыс мақсатта пайдалану фактілеріне қатаң бақылау жүргізу керектігін алға тартты.

ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы

03 қыркүйек 2020 ж. 315 0