Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бағдарлама игілігін кәсіпкерлер көреді

Бағдарлама игілігін кәсіпкерлер көреді

Жақында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов Сырдария ауданында іс-сапармен келді. Басқарма басшысы Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі даму бағдарламасына енгізілген Шіркейлі ауылындағы «Мәді қажы» ЖШС-нің «Құрылыс заттарын кеңейту (лак,эмульсия,сылақ)» жобасымен танысты.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлермен кездесіп, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарын түсіндірді.

Жиынға «Өңірлік инвестициялық орталығының» өкілі, «Даму» Кәсіпкерлікті Қолдау қорының өкілі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарлама туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді.
02 қыркүйек 2020 ж. 575 0