Қызылордада «Кәсіпкерлер үйі» ашылды
Қызылорда қаласында «Кәсіпкерлер үйі» ашылды. Өз істерін бастаған және болашақ кәсіпкерлер үшін барлық қолайлы жағдайды жасау мақсатында «Кәсіпкерлер үйіне» облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» ЖШС, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Цеснабанк» АҚ Қызылорда филиалы және өзге де мекемелер орналастырылған.
Жалпы бизнес орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де ыңғайлы. Тиісті пандус және лифтпен жабдықталған. Ғимаратта әртүрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар, іскерлік кездесулер мен түрлі тақырыптар бойынша іс-шаралар өткізуге арналған 3 мәжіліс залы бар. Қызылорда облысында 2018-2020 жылдар «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылдары» болып жарияланды. Негізі осыған дейін 2018 жыл аймақта «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» ретінде жарияланған болатын. Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, оның мерзімі 3 жылға дейін ұзартылды.

http://www.syrboyi.kz/
Пікір 2