Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Медицина – адамды емдесе, ветеринария – адамзатты емдейді. Себебі адамның күнделікті өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Осы ретте залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы зор.
Тереңөзек кенті әкімі аппаратының мәлімдеуінше, қыркүйек айының төртіне кентте залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының «Аса қауіпті Конго Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруының алдын алу бағытында қабылдаған іс-шаралар жоспары негізінде ұйымдастырылады. Осы ретте сала мамандары қоражайларды кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталғанға дейін қидан, қоқыстан тазалау қажеттігін ескертеді.
– Залалсыздандыру жұмыстары кенеден сақтану үшін жасалады. Ал, кененің адамға, малға қауіптілігі жоғары екені белгілі. Кене балалар үшін де қауіпті. Сондықтан ата-аналар балаларының денсаулығы үшін олардың табиғат аясында ойнауын, серуендеуін жіті бақылау керек. Сондай-ақ мал қораны тазалап тұрған дұрыс, – дейді кент әкімі аппаратының жауапты маманы А.Төлеуова.


Майя Қожабай
22 тамыз 2020 ж. 593 0