Оқушыларды қашықтан оқыту толықтай орындалуда
Жер шарында болып жатқан пандемия COVID-19 таралуына байланысты жалпы білім беретін оқу орындары қашықтықтан білім беруге көшірілді. Осы орайда №130 Абай атындағы орта мектебінде қазіргі уақытта 1-11 сыныптар аралығында 540 оқушы, МАД бойынша 57 оқушы бар. «Kundelik.kz» жүйесінің жаңадан қосылған функцияларының техникалық пайдаланылуы жөнінде тұрақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сабақ кестесі салынды. Сынып жетекшілері сыныптағы әрбір оқушының дайындығын, компьютер, смартфон, ноутбуктерін түгендеп, тексеріп шықты. Мектептегі барлық оқушылар 4 тоқсанды BilimLand, Kundelik. Kz, Darin online интернет- платформалары арқылы қашықтықтан оқытылуда.
Мектепте оқушылардан кері байланыс: электрондық журналдар, whatsapp, ұялы телефон байланысы арқылы жүргізіліп жатыр.
Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларына уақытша пайдалануға 5 оқушыға планшет, 2 отбасына теледидар берілді. Жоспар бойынша №4 педагогикалық онлайн кеңес Zoom платформасы бойынша өтілді.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары: пән мұғалімдерімен бірлесе отырып оқытудың әдістері мен тәсілдерін, оқушылардың тапсырмаларды алу мерзімдерін кесте бойынша орналастырды. Мұғалімдерді жедел хабарландыру тиімділігін арттыру мақсатында WhatsApp желілері арқылы чаттар құрды. Мектептегі әрбір оқушысының қашықтан оқу мүмкіндігіне, оқушы қажеттілігіне талдау жасай отырып, үйден оқитын 12 оқушылардың барлық мүмкіндігі ескеріліп, үнемі бақылануда. Пән мұғалімдері қосымша бейнесабақтар түсіріп жариялауда (Тыныштықбаев М, Әлиакбарова П, Жақанова А, Мұханбетова А. т.б).
Мектептің педагог-психологі Индира Дүйсенова қашықтан оқытудың жұмыс жоспарын жасап, жоспар бойынша көңіл-күйі тұрақсыз психо-эмоционалды жағдайында тұрған балаларды анықтау кестесіне сәйкес онлайн бойынша кеңес беруде. Баланың психо-эмоционалды жағдайында оң динамика болуын қадағалауда.
Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты мектеп сайтында, #Бізбіргеміз, #бізүйдеміз, #үйдебол хэштегі бойынша оқушылардың үйде бос уақыттарын тиімді пайдаланып жатқан бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге орналастыруда.
Директордың бағдарлы оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қорқыт Ата Қызылорда мемлекеттік университеті базасында Қызылорда облысының мектеп бітіруші оқушылары арасында өткізілетін облыстық пәндік олимпиадалар мен байқауларды онлайн форматта ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасына мектептен 9 оқушыны қатыстыруға сұраныс берді.
Мектеп директорының барлық орынбасарлары әлеуметтік желілерге тіркеліп, елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, қандай жағдайда да бірге екенімізді көрсету, «Қашықтықтан оқыту форматын» насихаттау мақсатында сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды Facebook парақшаларына жүктеуде.
Мемлекет қабылдап жатқан шараларды мектеп ұстаздары қолдап, аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын тарата отырып, оқыту үдерісінде өз тәжірибелерімен бөлісуде.
Еліміздің барлық азаматтарын осындай төтенше жағдай кезіндегі қиыншылықтарға төзімділік, шыдамдылық танытуға шақырамыз!
Бауыржан Ахмедияров,
№130 Абай атындағы орта мектеп директоры